Жеңіл атлетикадан және үстел теннисінен спортшылар бүкіләлемдік IWAS-2019 ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына 14 медаль әкелді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Жеңіл атлетикадан және үстел теннисінен спортшылар бүкіләлемдік IWAS-2019 ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына 14 медаль әкелді


2019 жылдың 10-16 ақпан аралығында Шарджа қаласында (БАӘ) арбаға таңылғандар мен ампутанттардың халықаралық спорт федерациясының IWAS-2019 бүкіләлемдік ойындары өтті.

Қазақстан Республикасының құрамасы IWAS бүкіләлемдік ойындарын жоғары дәрежеде аяқтады. Ұлттық құраманың құрамына үстел теннисінен 9 спортшы және жеңіл атлетикадан 2 паралимпиада спортшысы кірді.

Жалпы алғанда Ойындарға 8 елден 40-тан астам спортшы қатысты.

IWAS-2019 бүкіләлемдік ойындары – Арбаға таңылғандар мен ампутанттардың халықаралық спорт федерациясы (IWAS) тақ сандық жылдары ұйымдастыратын, дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында өтетін мультиспорттық халықаралық жарыстар болып табылады.

Спорттық даярлау орталығының үстел теннисінен спортшылары жеке есепте Көрпетаев Нұржан  1 алтын медальды,  Валитов Рустам және Казиев Ерлан – 2 күміс, Үсенов Қанат және Валитов Рустам – 2 қола медальды жеңіп алды.

Жеңіл атлетикадан Бақберген Қолғанат ұзындыққа секіруден екінші орынға иеленді.

Жалпы медальдық есепте 3 алтын, 5 күміс және 6 қола медальға қол жеткізілді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × three =