Жүзуден олимпиада чемпионы Вениамин Таяновичтің жүлдесіне арналған, жүзуден барлық категориядағы мүгедектер арасында өтетін дәстүрлі турнир 2017 жылғы 04-06 қарашада өтеді. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Жүзуден олимпиада чемпионы Вениамин Таяновичтің жүлдесіне арналған, жүзуден барлық категориядағы мүгедектер арасында өтетін дәстүрлі турнир 2017 жылғы 04-06 қарашада өтеді.

Жүзуден олимпиада чемпионы Вениамин Таяновичтің жүлдесіне арналған, жүзуден барлық категориядағы мүгедектер арасында өтетін дәстүрлі турнир 2017 жылғы 04-06 қарашада өтеді.

Жүзуден өтетін жарыстар Башқұртстан Республикасының Салават қаласында болады.

Жарыстар жеке түрде өтеді және көру қабілеті нашар, есту қабілеті төмен, интеллектісі бұзылған, тірек-қимыл аппараты зақымданған және Даун синдромы бар мүгедек-спортшылар арасында, спорттық жүзуді дәріптеу және дамыту мақсатында өтеді.

Жарыстардың ұйымдастырушылары: Башқұртстан Республикасының Жастар саясаты және спорт министрлігі, Башқұртстанның Жүзу федерациясы, Вениамин Таяновичтің жүзу мектебі, Башқұртстан Республикасының Жоғары спорт шеберлігін даярлау орталығы.

Турнир IPC және Халықаралық спорт ұйымдарының (CP-ISRA, IWAS, IDEK, INAS-FID) ережелерімен толықтырыла отырып, Халықаралық әуесқой жүзу федерациясының (FINA) ережелері бойынша, жеке жасөспірімдер және қыздар арасында өтеді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

17 − five =