Жыл сайын 9 мамырда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекеленеді. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Жыл сайын 9 мамырда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекеленеді.


1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Осылайша, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ!

Міне, осылай Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері бұдан 73 жыл бұрын адам баласының қас жауы фашизмді талқандады. КСРО Ұлы Отан соғысында өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды, Еуропа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып, жеңімпаз халық атанды. Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан да ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады.

Осы күндері Қазақстанда ұрыстарда қолдарына қару алып отанын қорғаған және тылда ерлікпен тынбай еңбек еткен барлық қаһармандарды құттықтайды. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Ботев Иван Михайловичтің үйінде болып қайтты:

 

Ардагерлерге бой түзеу! – соғыс ардагерлерінен жас ұрпаққа тілек. Өмірдің осыншама қиын кезеңдерін бастарынан өткерсе де олар әлі де отансүйгіштік қасиетті берік ұстанады және әлі де болса қатарда.

Соғыс ардагері Ботев Иван Михайлович «Ұлы Жеңіс күнін және Жеңіс үшін шайқасып қаза болғандарды ешқашан ұмытпаңдар» деген өсиет айтты.

 

 

Ардагер жастарға: «Бүгінгі таңда біз бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрудеміз және ол – ең басты игілік. Оны сақтап, арттыра біліңіздер», – деген ниет білдірді,

ҚР Президенті Н.Назарбаевқа ризашылығын білдірді және оның ұстанып отырған саясатының арқасында бүгінгі күні ешбір соғыс және еңбек ардагері ұмытылмағандығын атап өтті. «Қамқорлық пен түсінушілік – бізге керегі міне осы, сондықтан мен жастарға – олардың да ұрпақтары өз аталарының жауынгерлік ерліктерін ұмытпай, нағыз батырларға теңесулерін тілеймін».

Жеңіс күнін мерекелеудің мақсаты – тарихи миссияны орындаған және фашизмді жеңуде үлес қосқан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбекшілерін, қазақстандықтарды құттықтау болып табылады. Барлық іс-шараларды соғыс және еңбек ардагерлеріне ерекше қошемет пен құрмет білдіруге бағыттаған маңызды!

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

7 + 2 =