Бүгін Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада додасының жетінші күнінде волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары бесінші орын үшін сынға түсті. Ел спортшылары Бразилия командасымен бақ сынасып, тартысты ойында 3:0 (25:19, 25:18, 25:19) айқын басымдылықпен жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Тахауов баптаған құрама А тобында үшінші орын алып, бесінші орын үшін сынға түскен болатын.