Париждің татамиінде J2 классында 57 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Даяна Федосова пара дзюдодан Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
Жарыс барысында Даяна бірінші айналымда бразилиялық спортшыны иппонмен жеңіп, жартылай финалда жапондық қарсыласына есе жіберді. Қола медаль үшін болған жекпе-жекте ол түркиялық Донду Йесилюртті иппонмен жеңіп, жарысты қола медальмен аяқтады.