Рахметжан Хамаев Паралимпиада ойындарында 88 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 200 кг көтеріп, 6-орынмен аяқтады.
Осы санатта бірінші орынды Қытай Халық Республикасынан келген Ян Панпан 242 кг нәтижесімен жеңіп алды. Екінші орынды мысырлық Мохамед Элефат 224 кг нәтижесімен иеленсе, үшінші орынды украиналық Юрий Бабинец 214 кг көтеріп иеленді.