15 – 22 қыркүйек аралығында Тараз қаласында 5х5 футболынан көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында ел біріншілігі өтті. Жарыста Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының құрама командалары бақ сынады.
Чемпионаттың нәтижесі бойынша бірінші орынды Алматы облысы, екінші орынды Алматы қаласы және үшінші орынды Жамбыл облысының құрамасы алды.
Айта кетейік, осы спорт түрінен қараша айында Қазақстан Республикасының кубогы өтетін болады.