Ақтауда шахматтан ел біріншілігі аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Ақтауда шахматтан ел біріншілігі аяқталды


 

30 қыркүйек күні Ақтау қаласында есту қабілеті зақымдалған ересекер арасында командалық шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

«Турнир классика, рапид және блиц бойынша өтті. Бұл жарыстың басты мақсаты – жеңімпаз командаларды анықтап, үздік спортшыларды ұлттық құрамаға іріктеу. Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл қалалары мен Алматы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай облыстарынан командалар қатысты. Олардың қатарында XX қысқы Сурдлимпиадалық ойындарының қола жүлдегерлері Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Амангелді Наурызғалиев, Максим Рожков және Мейірман Пернеев өнер көрсетті», – деп хабарлады Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының сурдлимпиадалық бөлімінің әдіскері Абай Ахметов.

«Астана құрамасының намысын қорғадым. Классикалық шахмат пен блицтен бірінші орынды иелендім. Чемпионат жоғары дәрежеде өтті. Мен классикалық шахматтан Алматы облысының спортшысы Самажан Кеттебековке 0,5 ұпаймен жеңілдім. Қарсыластарым  мықты болды», – деді Сұлтан Қожахметов.

Жарыс қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте Алматы қаласы 5 «алтын», 1 «күміс» және 5 «қола» медаль жеңіп алып, бірінші орынға ие болды. Астана құрамасы 1 «алтын», 2 «күміс», 2 «қола» медальмен екінші орын алды, ал Қостанай қаласының құрамасы 3 «күміс» медальмен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, шахматтан өткен ел біріншілігі 21-30 қыркүйек аралығында өтті.

 

 

 

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eleven − 3 =