Бангалор қаласында (Индия) көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан 12-ші Әлем чемпионаты өтті. Жарыста жаcөспірімдер арасында классикалық турнирде өнер көрсеткен 11 жасар қазақстандық Нұрғиса Қуанышұлы қола жүлдегер атанды.
«Шахматтан Әлем чемпионаты әйелдер және жасөспірімдер арасында өтті. Жарысқа елімізден 3 спортшы қатысты. Жасөспірімдер арасында Нұрғиса әлемдік додаға алғаш рет қатысып, 9 турдын қортындысы бойынша 6 ұпай жинап қола медальді иеленді. Ал әйелдер арасындағы бәсекеде спортшыларымыз Алия Муратова турнир кестесінде 16-шы, Айнагүл Ташенова 19-шы болып тұрақтады. Осындай әлем біріншіліктерінен ел спортшылары медальсіз қайтпаған емес. Бұдан бұрын биыл шілде айында Арменияда ересектер арасында өткен әлем чемпионатында да ұлттық құрама спортшылары алтын мен күміс медальді еншілеген болатын», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының шахматтан аға жаттықтырушысы Зинятқыз Нүсіпбаева.
Айта кетсек, әлем чемпионаты 28 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өтті. Жарыста 8 мемлекеттен 40-тан астам спортшы қатысты.