16 қазанда Астанада өткен «Барыс» пен «Салават Юлаев» хоккей ойының алдында Париж-2024 Паралимпиада ойындарының пара дзюдодан чемпионы Ақмарал Науатбек пен күміс жүлдегері Ерғали Шамей жанкүйрлермен кездесіп, автограф сессиясын өткізді.
«Бүгін спортшылармен кездесуге арнайы баламды алып келдім. Паралимпиада жеңімпаздарын көргенімізге өте қуаныштымыз. Балам спортшылардан қолтаңба алып, естелікке суретке түсіп, кездесуден ерекше эмоция алды. Осындай кездесулер өскелен жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, салауатты өмір салтын ұстануға үлкен септігін тигізеді. Өз кезегінде біз спортшыларды әрқашан қолдауымыз керек. Пара спортшыларымыздың алар асулары, бағындырар белестері көп болсын! Еліміздің абыройын әлемге асқақтата берсін!»,- деді іс-шараның қонағы.
Автограф-сессиясынан кейін Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері матчтың алдында мұз алаңына шығып, шайбаны ойынға қосты.