Бүгін Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ұжымы еліміздің басты мерекесі – Республика күнін атап өтті.
Іс-шара сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнің орындалуымен басталды.
Шара барысында Орталықтың директоры Ержан Естаев қатысушыларды мерекемен құттықтап,ҚР Туризм және спорт министрлігінің атынан еліміздің спорт саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Орталықтың бірқатар мамандарына грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрілігінің құрмет грамотасымен:
Жакин Азамат Қайыргелдіұлы – материалдық техникалық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы,
Мұқан Мұқанәли Ерболатұлы – заң бөлімінің басшысы,
Тиховский Александр Григорьевич – пара жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы
Әділжан Әділбек Болатұлы – сурдлимпиадалық спорт бөлімінің әдіскері.
Спорт және дене шынықтыру істері комиетінің алғыс хатымен:
Дайыров Медет Бейсенбайұлы – мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы,
Абишев Арнур Мұратұлы – пара үстел теннисінен ұлттық құраманың бас бапкері,
Калиев Марлен Айтмухамедұлы – орталықтың заңгері,
Шәкенова Камила Қайратқызы – кадр жұмысы және іс жүргізу бөлімінің инспекторы,
Нурбеков Ержан Мухтарұлы – паралимпиадалық спорт бөлімінің әдіскері.
Орталықтың Директоры атынан алғыс хаттармен келесі қызметкерлер марапатталды:
*Манашев Ануар Дулатұлы* – сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрелері бөлімінің басшысы,
*Зайцев Николай Витальевич* – пара велоспорттан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы,
*Симамбаев Ербол Тасболатұлы* – таеквондодан есту қабілеті зақымданған ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы,
*Қонарбаев Нұржан Серікұлы* – тоғызқұмалақтан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы.
Сонымен қатар Республика күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінде өткен салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Орталықтың пара каратэден аға жаттықтырушысы Дукуева Мейрамгүл Дүйсенбайқызы «Ерен еңбегi үшін» медалімен марапатталған болатын.