7-10 қараша аралығында Гоа (Үндістан) қаласында интеллектуалды мүмкіндіктері шектеулі, тірек-қимыл аппараты және көру мүшесі зақымдалған спортшылар арасында пара каратэден әлем чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Қазақстан, Оңтүстік Африка, Италия , Португалия, Үндістан , АҚШ, Ресей Федерациясы, Кения және Малайзия құрама спортшылары қатысты.
Құрлықтық бәсекеде қазақстандық қазақстандық пара каратэшілер 6 «алтын» жеңіп алды.
«Қазақстан құрамасы аталмыш додаға 3 – ші рет қатысуда. Ката бағдарламасы бойынша өнер көрсеткен Лиза Жусупова, Нұржайна Жаннетова, Дидар Мұхамеджанов, Назгүл Измагамбетова мен Рустем Кожахметов алтынға қол жеткізді. Осылайша, Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті», – деді пара каратэден аға жаттықтырушысы Мейрамгуль Дукуева.