Еліміздің есту қабілеті зақымдалған спортшыларының жігері мен таланты тағы бір мәрте сыналатын сәт жақындап келеді. 1-8 желтоқсан аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтетін Азия – Тынық мұхиты ойындарына біздің құрама спортшыларымыз қатысып, ел намысын қорғайды. Азия құрлығындағы маңызды бәсекесі туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының спорт бойынша басқармасының басшысы Қайратбек Сейітбеков айтты.
Есту қабілеті зақымдалған спортышылар арасында өтетін Азия – Тынық мұхиты ойындары туралы ақпарат берсеңіз ?
Қазақстан Азия – Тынық мұхиты ойындарында 4 рет бақ сынады. Алғаш рет 1996 жылы Малайзияда өткен жарыста 5 медальға (1 күміс және 5 қола)қол жеткізді. Кейін 2000 жылы Тайваньда ұлттық құрама 1 күміске ие болды. 12 жылдық үзілістен соң, 2012 жылы аталмыш дода Сеулде өтті. Бұнда спортшыларымыз 9 медаль (1 алтын, 1 күміс, 7 қола) жеңіп алды. 2015 жылы Тайваньда сурдо спортшыларымыз 12 медаль (1 алтын, 6 күміс, 6 қола ) иеленді.Аталмыш дода араға 9 жыл салып өткізілейін деп жатыр. Азия – Тынық мұхиты ойындарында
Азия құрлығындағы ірі жарысқа ұлттық құрамасы сапынан қанша спортшы қатысады?
8 спорт түрінен барлығы 82 сурдо спортшы қатысады. Олардың ішінде шахматтан – 9, еркін күрестен – 8, грек-рим күресінен – 10, дзюдодан – 16, жеңіл атлетикадан – 14, үстел теннисінен – 8, таеквондодан – 12, бадминтоннан – 5 спортшы бар. Құрамада Сурдлимпиадалық ойындарының жеңімпаздары, әлем және Азия чемпионаттарының үздіктері, сондай-ақ Азия – Тынық мұхиты чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар бар.
Аталмыш жарысқа сурдо спортшыларымыз қалай дайындалуда?
Қазіргі уақытта оқу-жаттығу жиындары қарқынды түрде өтіп жатыр. Жеңіл атлетикадан оқу – жаттығу жиыны Ыстықкөлде өтті. Қазіргі уақытта таеквондо спортшылары – Қарағандыда, дзюдо және шахмат спортшылары – Алматы облысында дайындалуда. Еркін және грек-рим күресінен оқу-жаттығу жиыны Бішкек қаласында өтуде. Алдағы уақытта үстел теннисі мен бадминтоннан оқу – жаттығу жиыны жоспарланған. Дайындық барысында әр спорт түрінен бас және аға жаттықтырушылар спортшылардың техника қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуде, өйткені , спортшылардың денсаулығы – басты назарда.
Сурдо спортшылардың жарқын жетістіктірін атап өтсеңіз?
2022 жылы Бразиялия елінде Кашиас – ду – Сул қаласында өткен жазғы Сурдлимпиадалық ойындарында ұлттық құрама спортшылары 4 алтын, 7 күміс және 18 қола медаль жеңіп алды. Ағымдағы жылдың 2 – 12 наурыз аралығында Түркия еліндегі Эрзурум қаласында өткен қысқы Сурдлимпиадалық ойындарында еліміздің ерлер құрамасы командалық 3 орынды иеленды. Бұл нәтижемен шектеліп қойған жоқ. Бішкекте өткен Азия – Тынық мұхиты чемпионатында сурдо спортшылар 46 медаль ( 15 алтын, 13 күміс, 18 қола ) жеңіп алды. Сонымен қатар әлем және Азия чемпионаттарында 26 алтын, 18 күміс және 11 қола медальға қол жеткізді.
Азия – Тынық мұхиты ойындарында өнер көрсететін спортшыларға қандай тілек тілейсіз?
Әр жарыс пен жеңіс спортшыларға жаңа жетістікке жігерлендіндіреді. Бұл жарыс есту қабілеті зақымдалған спортшылар үшін тек спорттық бәсеке емес, өмірлік құндылықтар мен рухты дәлелдеудің үлкен мүмкіндігі. 82 спортшының әрқайсысы белгілі бір спорттық жеңіске жету жолында кедергілерді еңсерді. Олар – біздің батырларымыз. Осы спортшыларымыз Азия – Тынық мұхиты ойындарында да еліміздің көк байрағын биік тұғырдан көрсететіндігіне сенімдімін. Барша спортшыларға, жаттықтырушыларға сәттілік тілеймін!