Алматыда 12-15 қараша аралығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 130-ға жуық спортшы қатысты.
«Пара пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты жоғарғы деңгейде өтті. Спортшыларымыздың саны өсіп, біліктілігінің артқандығын атап өтуге болады. Чемпионаттың нәтижесі бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар алдағы уақытта ұлттық құрамаға іріктеледі», – дейді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығынының пара пауэрлифтингтен команда бастығы Ұлан Ануар.