Бүгін Астанада Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ұйымдастыруымен өңірлік спорттық клуб мамандарына арналған «Мүгедектігі бар спорт түрлеріндегі менеджмент және медицина» атты семинар басталды.
Іс-шараға қатысушыларға мүгедектігі бар спортшыларды дайындаудың заманауи әдістері, медициналық қолдау көрсету және халықаралық тәжірибе негізінде спорттық менеджментті жетілдіру бойынша құнды ақпараттар беріледі және басқа да өзекті сұрақтарды қамтиды. Семинар қорытындысы бойынша мамандар өздерінің білімдерін практикада қолдану үшін нақты ұсыныстар мен әдістемелер алады.
Семинарға лектор ретінде бірқатар кәсіби мамандар шықырылды. Оның ішінде Назарбаев университетінің медицина мектебінің PHD докторы Алессандро Салустри, Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы Олжас Акпамбетов, медицина докторы Газал Гахрамани, спорттық реабилитолог Берик Зулхарнай, және Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының спорттық дәрігері және халықаралық деңгейдегі классификатор Нұрсұлтан Еникеев бар.
Іс-шара, 4-ші желтоқсанға дейін жалғасып, соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.