Малайзияда Х Азия – Тынық мұхиты ойындары басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Малайзияда Х Азия – Тынық мұхиты ойындары басталды


2 желтоқсан күні Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда Х Азия – Тынық мұхиты ойындарының ашылу салтанаты өтті. Бұл айтулы шараға 24 елден 1300-ге жуық есту қабілеті зақымдалған спортшылар қатысты. Олар 10 спорт түртеннисі, бадминтон, шахмат, боулинг және футболда өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстан құрамасы бұл беделді жарысқа 80 спортшыны қосты. Олар 8 спорт түрінен сынға түсуде: жеңіл атлетика, таеквондо, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күрес, бадминтон. шахмат және үстел теннисі.

«Қазақстан құрамасы Азия – Тынық мұхиты ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Бұл біздің бесінші мәрте қатысуымыз. Спортшыларымыз Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ыстықкөл және Бішкекте оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жарысқа тыңғылықты дайындықпен келді. Енді олардан жоғары нәтиже күтеміз. Қазақстандық спортшылардың табысты өнер көрсетіп, ел намысын лайықты қорғайтынына сенімдімін,» – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының спорт басқармасының басшысы Қайратбек Сейтбеков.

Алғашқы күннің жеңімпаздары

Қазақстандық спортшылар жарыстың алғашқы күнінде-ақ жеңісті жолды бастады. Шахматтың блиц түрінен:

  • Әйелдер арасында қазақстандық Балжан Жұмағазиева 8 ұпай жинап, Азия – Тынық мұхиты ойындарының чемпионы атанды. Күміс жүлдеге үндістандық Масаги Амбика ие болды, оның да ұпайы 8 болғанымен, шешуші коэффициент көрсеткіші бойынша Балжан басым түсті. Ал қола медаль 7 ұпай жинаған үндістандық К. Яшасвиге бұйырды.
  • Ерлер арасында Самажан Кеттебеков 8,5 ұпай жинап, күміс медаль алды. Жеңімпаз атанған малайзиялық Лу Пин Се 10,5 ұпаймен топ жарды, ал үшінші орынды ирандық Поур Рахмат Армин 8 ұпаймен иеленді.

Азия – Тынық мұхиты ойындары 8 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазақстандық спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × 2 =