Таеквондошылар Азия-Тынық мұхиты ойындарында жарысты аяқтады – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Таеквондошылар Азия-Тынық мұхиты ойындарында жарысты аяқтады


Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты ойындарының үшінші жарыс күнінде ұлттық құраманың спортшылары 1 алтын, 4 күміс және 6  қола медаль жеңіп алды.

Таеквондодан Елнур Агжигитов (- 63 кг) Азия – Тынық Мұхиты ойындарының жеңімпазы атанса, Айжамол Абдикатова (- 57 кг) күміс медальға ие болды. Ал  Аяулым Жетписпаева (-53 кг), Аида Макатова (67 кг), Молдир Мукашева (+67 кг), Аян Абраш (- 58 кг), Нұрдаулет Жақып (68 кг) пен Виктор Фрундин (+87 кг) үшінші орынға қол жеткізді. Сонымен қатар, Руслан Ахметов (80 кг) пен Виктория Протопопова (-49 кг)  бесінші орынға орнықты.

Жеңіл атлетикадан Яна Сибирякова үш қарғып секіру сайысы (10 м 73 см) мен найза лақтырудан (33 м 86 см) күміс жүлдегер атанды. 4 х 400 м аралас  эстафетада Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Команда құрамында София Колосова, Рауан Бейсебай, Галина Алексеева және Даниил Щелоков  өнер көрсетті. Бұл сайыста  бірінші орынды – Үндістан құрамасы, екінші орынды Қытай құрамасы жеңіп алды. Сондай – ақ,  Андрей Набоков ядро лақтырдан алтыншы(33м 86 см), Виктор Баранов 5000 м – ге  жүгіруден  сегізінші орынға тұрақтады (17 минут 43 секунд).

Үстел теннисінен ерлер мен әйелдер құрамасы командалық ойын түрінен бесінші орын алды.

Оған қоса, шахматтың  классикалық ойын түрінен жарыс басталды. Бүгін  классикалық ойынның 2 айналымы өтті. Алдағы уақытта ойынның 5 айналымы бар.

Айта кетейік, жарыстың бірінші күні және екінші күндері ұлттық құрама шахмат және таеквондодан 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальді еншіледі.

Азия – Тынық мұхиты ойындары 8 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

thirteen − eight =