29 қараша күні Бахрейнде пара таеквондодан тірек – қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында пара таеквондодан ашық чемпионат өтті. Жарыста 14 елден 60 – қа жуық спортшы қатысты. Аталмыш жарыста ұлттық құраманың пара спортшылары 1 «алтын», 1 «күміс», 1 «қола медаль» еншіледі.
«Жарыста Қазақстан тарапынан 5 спортшы сынға түсті. К44 санатында өнер көрсеткен Әлишер Гариполлаев (+80 кг) жарыстың жеңімпазы атанды. Салимгерей Марьям (-65 кг)күміс медальға қол жеткізсе, Қуандық Сағындық (-70 кг) жарыстың қола жүлдесін еншіледі.
Айта кетейік, ұлттық құрама қатарында ел намысын Платон Зобнев (-70 кг) және Бақберген Ғибратжан (-58 кг) қорғады.