Қазақстандық пара спортшылар халықаралық жарыста 3 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара спортшылар халықаралық жарыста 3 медаль жеңіп алды


29 қараша күні Бахрейнде пара таеквондодан тірек – қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында пара таеквондодан ашық чемпионат өтті. Жарыста 14 елден 60 – қа жуық спортшы қатысты.  Аталмыш жарыста ұлттық құраманың пара спортшылары 1 «алтын», 1 «күміс», 1 «қола медаль» еншіледі.

«Жарыста Қазақстан тарапынан 5 спортшы сынға түсті. К44 санатында өнер көрсеткен Әлишер Гариполлаев (+80 кг) жарыстың жеңімпазы атанды.  Салимгерей Марьям (-65 кг)күміс медальға қол жеткізсе, Қуандық Сағындық (-70 кг) жарыстың қола жүлдесін еншіледі.

Айта кетейік, ұлттық құрама қатарында ел намысын Платон Зобнев (-70 кг) және Бақберген Ғибратжан (-58 кг) қорғады.

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

twelve − 6 =