Х Азия-Тынық мұхиты ойындары: Қазақстандық сурдо спортшылар елге оралды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Х Азия-Тынық мұхиты ойындары: Қазақстандық сурдо спортшылар елге оралды


Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Малайзияда өткен Азия-Тынық мұхиты ойындарынан ұлттық құрама елге оралды.

Бүгін Алматы әуежайында спортшыларды қошеметпен қарсы алды.

Жарыста Қазақстан сәтті өнер көрсетіп, 6 спорт түрінен 66 медаль еншіледі: 17 «алтын», 25 «күміс» және 24 «қола».

Додада спортышларымыз жеңіл атлетикадан -17, дзюдодан -16, грек-римнен -10, еркін күрестен -9, таеквондодан – 9 және шахматтан – 5 медаль жеңіп алды.

«Спортшыларамыздың жеңісі, елімізде сурдлимпиадалық спорттың қарқынды дамуының көрсеткіші. Бұдан бұрын да спортшыларымыз айтулы додададан жүлдесіз қайтпаған. 1996 жылдан бері ел құрамасы 4 мәрте қатысып  жалпы  27 медаль жеңіп алған болатын. Малайзияда өткен жарыс, сурдо спортышлар үшін Азия құрлығындағы ірі ойындарының бірі болып келеді. Бұл 2025 жылы Токиода өтетін жазғы Сурдлимпиада ойындары алдындағы маңызды дода. Ендігі жоспарымыз ел құрамасына спортшыларды іріктеп, Сурдлимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалу»,- деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің басшысы Ануар Манашев.

Айта кетсек, Азия-Тынық мұхиты ойындары Куала-Лумпур қаласында 1-8 желтоқсан аралығында өтті. Жарысқа 21 елден 1300 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы сапында 80 спортшы спорттың 8 түрінен өнер көрсетті: шахмат, үстел теннисі, бадминтон, таеквондо, жеңіл атлетика, дзюдо, грек-рим және еркін күрес.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

twenty − 17 =