Қазақстандық пара спортшылар әлемдік серияда 6 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара спортшылар әлемдік серияда 6 медаль жеңіп алды


3-9 желтоқсан аралығында  Каир пара жүзуден әлемдік серия өтті. Жарысқа әлемнің 18 елінен 90-ға жуық пара спортшы қатысты.

«Аталмыш жарыста еліміздің спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 2 қола меделалды еншіледі. Атап өтетін болсам, 200 м кешенді жүзу мен 100 м шалқалап жүзуден қос алтын мен 400 м еркін стильде жүзуден  Наталья Звягинцева(S6/ SM6)  жарыстың жеңімпазы атанса, Алина Дубинина (S8)100 м еркін стильде жүзуден күміс  медаль иегері атанды.

Сондай – ақ, жастар арасында 50 м еркін стильде жүзуден Ерсұлтан Наметуллаев (S9) пен 100 м брастан Али Тұрғанбеков (SB4) қола медальді жеңіп алды.

Осындай жарыстарға қатысу арқылы біздің елдің спортшылары  тәжірибе жинақтайды. Бұл жарыс биылғы жылдың соңғы додасы болмақ. Елге оралған соң, 2025 жылы Сингапурда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз», – деді пара жүзуден ұлттық құраманың бас жаттықтырушы Айдар Картпаев

 

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two + 19 =