3 – 5 желтоқсан аралығында Талғар қаласында тірек – қимыл аппараты және есту органдары зақымдалған спортшылар арасында армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 13 өңірінен (Астана, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Алматы, Түркістан, Жетысу, Атырау, Абай, ШҚО, Ұлытау, Қарағанды, Маңғыстау облыстары ) 200 – ге жуық спортшы қатысты.
» Ел біріншілігінің нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте пара спортшылар арасында бірінші орынды – Алматы облысы, екінші орынды – Жамбыл облысы, үшінші орынды – Маңғыстау облысы алды. Сурдо спортшылар арасында бірінші орынды – ШҚО, екінші орынды – Абай облысы, үшінші орынды Маңғыстау облысы алды. Үздік нәтижеге қол жеткізген спортшылар ұлттық құрама қатарына жасқаталатын болады» – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің әдіскері Абай Ахметов.