Куала-Лумпур қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты ойындарында қазақстандық сурдо спортшылар медальдар қоржынын толтыруда. Бесінші жарыс күнінде дзюдо, грек-рим күресі және жеңіл атлетика спортшылары 7 алтын, 7 күміс, 10 қола медальға қол жеткізді.
Дзюдодан қазақстандық спортшылар екі алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
-81 кг салмақ дәрежесінде Еркебұлан Қанафин мен -100 кг салмақта Айдарбек Тоқтарбек қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, чемпион атанды. Әйелдер арасында Анастасия Тимошенкова (-63 кг), Орынгүл Серікбек (-70 кг) және Краморова Анна (-78 кг), сондай-ақ ерлер арасында Сабыржан Хапизов (+100 кг) күміс жүлде иеленді. Қола медальды Ольга Гараева (+78 кг) мен Айдос Тугельбаев (-90 кг) жеңіп алды.
Грек-рим күресінен палуандар жоғары шеберлік танытып, жарысты төрт алтын, екі күміс және төрт қола медальмен аяқтады. Алтын медаль иегерлері қатарында Андрей Самарин (63 кг),Дәулет Елюбаев (82 кг),Нұржан Асан (87 кг) және Хайратхан Шонқу (130 кг) бар. Ал Абзал Досжан (77 кг) мен Елнар Қадырбаев (55 кг) күміс медальді еншілесе, қола жүлдені Ралан Мұхамметқалиев (60 кг), Рауан Ансабек (67 кг),Ғабит Игенбай (72 кг), Рамазан Әбдрәсіл (97 кг) иеленді.
Жеңіл атлетика жарыстары да табысты өтті. София Колосова 400 метр кедергілермен жүгіруде 73.55 секунд нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. Балға лақтыру бойынша Андрей Набоков 33 м. 69 см көрсеткішпен күміс жүлдегер атанды. Ал 400 метр жүгіруден Галина Алексеева (65.67 секунд) және Даниил Щелоков (50.82 секунд) қола медальді иеленді. Сонымен қатар, 4х100 эстафетада әйелдер командасы (43.9 сек) және ерлер командасы (54.65 сек) қола жүлдеге ие болды. Әйелдер құрамында Фаина Мейірманова, Галина Алексеева, Яна Сибирякова және София Колосова, ал ерлер командасында Рауан Бейсебай, Юрий Сафронов, Қуаныш Қырықбай және Даниил Щелоков өнер көрсетті. 1500 метр жүгіруден Анастасия Соловьева 6 минут 24 секунд 12 миллисекунд нәтижемен бесінші орын алды.
Үстел теннисінен жекелей разрядтта Данияр Искендиров пен Абылай Буркитбай жекелей разрядтта 1/16 финалға жолдама алды.
Классикалық шахматтан жеке сында бесінші тур аяқталды.Алдағы уақытта 2 тур өтетін болады. Жеті турдың қорытындысы бойынша жарыстың жеңімпаздары анықталады.
Өкінішке қарай, бадминтоннан командалық, аралас-жұптық ойын түрлерінде қазақстандық спортшылар жарысты аяқтады.
Жарыстың алғашқы төрт күнінде ұлттық құрама 6 алтын, 12 күміс және 11 қола медаль иеленген болатын.
Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты ойындары 8 желтоқсанға дейін жалғасады.