Астанада пара би спортынан ашық Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионаты басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Астанада пара би спортынан ашық Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионаты басталды


Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара би спортынан ашық Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионаты басталды. Чемпионатқа Қазақстан, Қырғызстан, Тайвань, Жапония, Оңтүстік Корея, Мексика және Қытай (Гонконг) елдерінен 60-тан астам спортшы қатысады.

Салтаннаты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төраға орынбасарының міндетін атқарушы Нурмуханбетов Аманбай Шагилбайұлы қатысып, жарысқа келген спортшыларға сәттілік тіледі.

«Пара би спортынан Азия және Тынық мұхиты аймағының ашық чемпионатын өткізу еліміз үшін үлкен мәртебе. Бұл халықаралық спорт қауымдастығының біздің елімізге артқан үлкен сенімі болып келеді. Бүгінгі жарысқа келген барлық қатысушыға ризашылығымызды білдіре отырып, толағай жеңістер мен жетістіктер тілейміз», – деді Аманбай Шагилбайұлы өз сөзінде.

Айта кетсек, чемпионат 16-17 желтоқсан аралығында өтеді. Жарыста пара бишілер комби стандарт, дуо стандарт, комби фристайл, дуо фристайл, сингл және сингл фристайл номинациялары бойынша сынға түседі.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 − three =