Бүгін, 25-ші желтоқсанда «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде 2024 жылдың қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарлар бойынша «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-ның (бұдан әрі – Орталық) бас және аға жаттықтырушыларының есеп беру кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төраға орынбасарының міндетін атқарушы Аманбай Нұрмұханбетов, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс басқармасының басшысы Марат Қасқырбаев, орталық қызметкерлері, команда басшылары, бас және аға жаттықтырушылар қатысты.
«2024 жыл қазақстандық пара және сурдоспортшылар үшін жарқын жеңістерге толы болды. Елімізде 19 паралимпиадалық, 15 сурдлимпиадалық және 8 паралимпиадалық емес спорт түрлерінен 56 республикалық жарыс ұйымдастырылды. Ұлттық құрама спортшылары 93 оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 85 халықаралық жарысқа қатысып, 120 медаль иеленді, оның ішінде 11 әлемдік және Азия рекорды орнатылды. Бұл үлкен жетістік», – деді өз сөзінде Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Ержан Есімханұлы Естаев.
Жиналыс барысында жаттықтырушылар жыл бойы атқарған жұмыстар бойынша есеп беріп, спорт түрлерін дамытуға байланысты өзекті мәселелер мен 2025 жылға арналған жоспарлар қарастырылды.
Орталықтың директоры Ержан Есімханұлы 2024 жылы табысты еңбегімен көзге түсіп, елімізідң спорт саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар мамандарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың алғыс хатымен марапатталды:
Бауыржан Тахауов – волейболды отырып ойнаудан бас жаттықтырушы
Турлан Қаратаев – волейболды отырып ойнаудан аға жаттықтырушы
Ернар Матеуов – волейболды отырып ойнаудан аға жаттықтырушы
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың алғыс хатымен марапатталды:
Максим Рожков – сурдо шахматтан бас жаттықтырушы
Орталықтың директорының атынан алғыс хатпен марапатталды:
Арнұр Әбішев – пара үстел теннисінен бас жаттықтырушы
Сергей Дмитриенко – сурдо дзюдодан бас жаттықтырушы
Ербол Симамбаев – сурдо таэквондодан бас жаттықтырушы
Диана Молдахметова – боччадан аға жаттықтырушы
Наран Ешибаев – пара дзюдодан аға жаттықтырушы
Михаил Иванов – пара каноэдан аға жаттықтырушы
Богдан Весельский – сурдо жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушы
Ерлан Мұқажан – сурдо грек-рим күресінен аға жаттықтырушы
Ерназар Қонысбаев – сурдо еркін күрестен аға жаттықтырушы
Нұржан Қонарбаев – тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушы
Зинятқыз Нүсіпбаева – дойбы және шахматтан аға жаттықтырушы
Еркін Айса – пара таэквондодан аға жаттықтырушы
Нұрсұлтан Еникеев – спорт дәрігері
Азамат Нұрмақанов – спорт дәрігері
Ерсұлтан Жолшиев – паралимпиадалық спорт түрлерінің әдіскері
Сұлтанбек Қаби – паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің команда басшысы
Маулен Нәсіпқали – паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің команда басшысы
Ерлан Дүсмаилов – паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің команда басшысы
Бұл жиналыс жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындауға бағытталған маңызды іс-шара болды.