Түркияда пара велоспорттан ұлттық құрама спортшылары Азия чемпионаты алдында оқу-жаттығу жиындарынан өтуде.
«Азия чемпионаты Таиланд елінде өтеді. Спортшыларымыз 1-15 ақпанда аралығында шосседегі жарыста бақ сынаса, 20-27-ші ақпан аралығында тректегі жарыста өнер көрсетеді. Қазіргі таңда 6 спортшыларымыз күнделікті жаттығуларын жоспарға сәйкес орындауда. Дайындықтың циклінде – бір күн жеңіл жаттығуларға назар салсақ, келесінде күрделі жаттығуларға көңіл бөлеміз. Тандемдік дисциплинада стокерлер мен пилоттардың өзара әрекеттесуі маңызды болғандықтан, әр жұпқа тиісті дайындық бағыттары қойылуда. Оқу-жаттығу жиындары 1-ші ақпанға дейін жалғасады», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара велоспорттан аға жаттықтырушысы Кирилл Казанцев.
Еске сала кетсек, былтыр Алматы қаласында өткен пара велоспрттан Азия чемпионатында ел спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншілеген болатын.