Қазақстандық спортшылар әлем кубогында топ жарды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар әлем кубогында топ жарды


29 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Ташкентте дене мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында армрестлингтен әлем кубогы өтті. Жарысқа 15 елден 400-ге жуық спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде ел намысын 216 спортшы қорғады. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 88 «алтын», 68 «күміс» және 36 «қола» медаль еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Екінші және үшінші орынды Қырғызстан құрамасы тұрақтады.
«Әлем чемпионаты паралимпиадалық емес және сурдлимпиадалық армрестлингтен өтті. Қазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетіп, топ жарды.Бұл – 2025 жылдың негізгі жарыстардың бірі болды. Алдағы уақытта еліміздің қол күрес шеберлері үшін мамыр айында Азия чемпионаты және қыркүйекте әлем чемпионаты күтіп тұр. Ұлттық құрама спортшылары осы жарыстарда да жоғары нәтижеге қол жеткізеді деген үміттеміз», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Абай Ахметов.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × 3 =