Пара пара биатлоннан әлем чемпионатының алғашқы күнінде Ербол Хамитов 7,5 км спринтті 20 минут 55 секундта бағындырып, қола жүлдеге ие болды. АҚШ спортшысы Аарон Пайк – 20 минут 44 секунд көрсеткішімен чемпион атанса, қытайлық Ван Тао – 20 минут 54 секунд нәтижесімен күміс жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ, дәл осы қашықтықта қазақстандық пара спортшы Сергей Усольцев те өнер көрсетті.
Айта кетейік, әлем чемпионаты Словенияның Поклюка қаласында өтуде. Келесі жарыстар 8 ақпанда – спринт пурсит, ал 9 ақпанда – жекелей жарыс түрлері бойынша өтеді. Әлем чемпионаты 9 ақпанға дейін жалғасады.