Пара велоспорттан Азия чемпионаты: ел қоржыны 2 алтын мен 1 күміс түсті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара велоспорттан Азия чемпионаты: ел қоржыны 2 алтын мен 1 күміс түсті


Тайландтта (Пхитсанулок ) пара велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық пара спортшылар ел қоржынын 2 алтын мен 1 күміс медальмен толықтырды.
96,3 км қашықтықтағы топтық жарыста ерлер құрамасы арасында Кирилл Илюкевич (стокер) пен Антон Лаврентьев (пилот) 2:26:50 уақыт нәтижесімен, ал әйелдер арасында Жұлдыз Кайнарова (стокер) мен Полина Братчикова (пилот) 2:19:44 уақыт аралығында бірінші болып мәреге жетіп, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, осы жарыста Сейтжан Кенжеғұлов (стокер) пен Сұлтанмұрат Миралиев (пилот) күміс медальды иеленді.
Айта кетейік, байрақты бәсекеде ұлттық құраманың спортшылары 2 алтын мен 1 күміс медаль жеңіп алған болатын.
8

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 − one =