Дубайда пара атлеттер 15 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Дубайда пара атлеттер 15 медаль жеңіп алды


Дубайда пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясында қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль еншіледі:

 

1 орын – Дастан Мукашбеков (ядроны серпу F36);

1 орын – Мейіржан Мақшат (400 м жүгіру T46);

1 орын – Асем Жанадилова (ядроны серпу F56);

 

2 орын – Еламан Жоламан (ядроны серпу F35);

2 орын – Руфат Хабибуллин ( найза лақтыру T64);

2 орын – Игорь Хлыстов (100 м жүгіру T45);

2 орын – Бекжан Бөлкетай (ұзындыққа секіру T12);

 

3 орын – Мейіржан Мақшат (ұзындыққа секіру T46);

3 орын – Руфат Хабибуллин  (100 м жүгіру T64);

3 орын – Мұқан Айтмырзаев (ядроны серпу F55);

3 орын – Мұқан Айтмырзаев (найза лақтыру F55);

3 орын – Махамбет Серікқалиев (найза лақтыру F53);

3 орын – Игорь Хлыстов (400 м жүгіру T45);

3 орын – Каржаубай Тинеев (400 м жүгіру T13);

3 орын – Нұрлы Кырымов (400 м жүгіру T12).

 

«Бұл Гран-При спортшыларымыз үшін биылғы жылдың алғашқы халықаралық жарысы болып келеді. Атлеттеріміз жақсы нәтиже көрсетті. Бұл спортшыларымыздың рейтингісіне үлкен әсер береді. Алдымызда сәуір айында Морокко елінде және маусымда Тунисте өтетін Гран-При жарыстары бар. Сонымен қатар биыл қыркүйек-қазан айларында Үндістанда әлем чемпионаты өтеді. Аталған жарыстарда да спортшыларымыз үздіктер қатарынан көрінеді деп сенемін», – деді пара жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы  Тахир Мамашаев

 

Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясы 10-13-ші ақпан аралығында өтті. Жарысқа 41 мемлекеттен 360-тан астам спортшы қатысты.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × four =