Пара велоспорт: Азия чемпионатында спортшылар 5 медаль еншіледі – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара велоспорт: Азия чемпионатында спортшылар 5 медаль еншіледі


Малайзия елінде өткен тректегі пара велоспорттан Азия чемпионатында ел спортшылары 5 медальмен аяқтады: 1 «алтын», 1 «күміс» және 3 «қола».

Чемпионатта 4 км қашықтықта тандемде өнер көрсеткен Кирилл Ильюкевич пен Антон Лаврентьев жарыс жеңімпазы атанды.  Осы дистанцияда әйелдер арасындағы тандемде   Жұлдыз Кайнарова мен Полина Братчикова күміс медальға ие болды.

Қола жүлдені ел спортшылары  келесі қашықтықтарда еншіледі:

Сейтжан Кенжеғұл мен Сұлтанмұрат Мералиев, Жұлдыз Қайнарова мен Полина Братчикова командалық спринтте,  Сейтжан Кенжеғұл мен Сұлтанмұрат Мералиев 600 м қашықтықта және әйелдер арасында Полина Братчикова мен Жұлдыз Кайнарова 1 км қашықтықтағы  тандемде.

Еске сала кетсек, тректегі пара велоспорттан Азия чемпионаты 21-27 ақпан аралығында Малайзия елінің Нилай қаласында өтті. Жарыста Қазақстан тарапынан 6 спортшы қатысты.

 

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seven + 7 =