Пара шаңғыдан әлем кубогында 10 км қашықтықта LW6 классында өнер көрсеткен Александр Герлиц 28:46,5 уақыт нәтижесімен күміс жүлдегер атанды. Бірінші орынды қытайлық Хуан Линсинь (29:14,2), ал үшінші орынды украиндық Драхун Серафим (28:32,6) алды. Дәл осы дистанцияны LW12 классында Ербол Хамитов 27:30,3 уақытта бағындырып, күміс медальға ие болды. Бразилиялық Вестемайер Рибера Кристиан (28:07,6) әлем кубогының жеңімпазы атанса, американдық Кноссен Даниэль (28:00,2) қола жүлдеге қол жеткізді. Аталмыш турнирге әлемнің 18 елінен 70-ке жуық спортшы сынға түсті.
Айта кетейік, жарыс 2 наурызға дейін жалғасады.