Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды


Норвегияның Тронхейм қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Ербол Хамитов қола жүлдегер атанды. LW12 санатындағы спринт жарысында отандасымыз мәре сызығын 2:42.45 уақыт нәтижесімен үшінші болып кесті.

Алтын жүлдені бразилиялық Вестемайер Рибера Кристиан (2:42.06) жеңіп алса, күміс медаль украиналық Баль Павлоға (2:45.93) бұйырды.

Сондай-ақ жерлесіміз жуырда ғана пара шаңғы жарысынан Әлем кубогінде күміс медаль иеленген еді.

Айта кетейік, бұл бәсеке 2026 жылы Милан мен Кортинада өтетін қысқы Паралимпия ойындарына рейтингтік ұпай беретін негізгі жарыс.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

10 − nine =