8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі аталып өтілді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі аталып өтілді


Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ер азаматтары әйелдер ұжымын  Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Шара барысында Орталық директорының орынбасары Есекеев Лескен Құдайбергенұлы сөз сөйлеп, тілегін білдірді.

«Көктемнің шуағымен келетін халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Сіздерді осы жарқын мерекемен шын жүректен құттықтай отыра, көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдік пен нәзіктіктің символы болып жүре берулеріңізге тілектеспін. Ғұмырларыңыз шаттыққа толы, бақыттарыңыз баянды болсын! Сіздерге арналған ақ алғыстар, ақжарма тілектер мен жылы лебіздер ешқашан толастамасын. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге қуаныш, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Спорт саласын арттыру жолындағы еңбектеріңіздің берекесі арта берсін!» – деді Лескен Құдайбергенұлы.

Іс-шара мерекелік бағдарламамен жалғасып, орталық қызметкерлері әйелдер қауымына арнап ән-шашу тарту етіп, түрлі викториналар ұйымдастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × four =