18 наурыз – ұлттық киім күні – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

18 наурыз – ұлттық киім күні


18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Орталықтың қызметкерлері арасында  байқау ұйымдастырылды. Сайысқа  10 ер адам  мен 15 әйел қатысты.  Байқаудың басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу, дәстүрлерімізді сақтау және насихаттау, сондай-ақ, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыру. Байқау барысында тек киімдер ғана емес, ұлттық нақыштағы әшекейлер, аксессуарлар мен сәнді элементтер де назарға алынды.

Ерлер арасында байқаудың жеңімпазы болып Қайрат Сабиров, ал әйелдер арасында тең дауыс жинаған Айгүлім Оспанова мен Камила Шәкенова атанды. Жеңімпаздарға Б.Қайырбековтың «Ұлттық салт-дәстүрлер қазақи этикет» кітабы табысталды.

Айта кетейік, Наурызнама — Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шара. Бұл шара халықтың бірлігін нығайтып, өткен жылдың қателіктерін артта қалдырып, жаңа жылды қуанышпен қарсы алуды мақсат етеді. Наурызнаманың алғашқы күнінде пара шаңғы спорт түрінен ҚР чемпионатында пара спортшылар арасында амал көрісу күні ұйымдастырылып, ерекше атмосфера қалыптасты. Сондай-ақ, 15 наурыз — қайырымдылық күніне орай, «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» РҚБ мен Special Hearts Kz ерекше балалардың шығармашылық бірлестігіне қаржылай қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, отбасы күніне орай, Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Дастан Мукашбеков пен жары Айсұлу Мукашбекова жайлы арнайы бейнеролик жасалды. Айсұлу Мукашбекова Токио-2020 Паралимпиада ойындарының қатысушысы ретінде танымал. 17 наурыз – мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама командасы салт-дәстүрлерге байланысты сауалдарға жауап берді. 20 наурыз Орталық қызметкерлері ұлттық спорт түрлерінен Комитет арасында жарысқа қатысады.

Біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігі үшін мақтануға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen − twelve =