«Наурызнама-2025» аясында бүгін 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрілігіне бағынысты ұйымдар арасында асық ату, бес асық, арқан тартыс, қазақ күресі, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ, табан тіреу, қол күрес және қой көтеру спорт түрлерінен жарыс өтті.
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы жарыста бақ сынап, жүлдегер атанды.
Атап айтқанда, қол күрестен Азат Кудасов екінші орын, Талғат Ибраев үшінші орын және ләңгі тебуден Қайратбек Сейтбеков екінші орынды еншіледі.
Айта кетсек, іс-шараға 10-нан астам ұйымнан 300-ге жуық қызметкер қатысты. Жарыс Астана қаласындағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтті.