24-25 наурыз аралығында Тбилисиде (Грузия) көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында пара дзюдодан өткен әлем кубогы өз мәресіне жетті.Әлемдік жарысқа 20 елден 127 спортшы қатысты. Аталмыш додада Ғазизқызы Айдана (J2 +70 кг) чемпион атанса, Бағланбек Оңалбек (J1 +95 кг) күміс ,ал Ерлан Утепов (J1 +95 кг) қола медальға ие болды.
Жарыстың алғашқы күндері Ақмарал Науатбек (J2, 48 кг) пен Алфия Тлекқабыл (J1 52 кг)жеңімпаз атанып, Ғалымжан Смағұлұлы (J2 81 кг) күміс медальға қол жеткізді.
Сонымен қатар, жарыста ел намысын Ерғали Шамей (J1, 73 кг), Бауыржан Арстанбеков (J1, 81 кг), Аслан Нурдаулетов (J1, 73 кг), Талгат Әжиғалиев (J2, +95 кг), Мурат Мадинов (J1, 70 кг), Әділбеков Абылай (J1, 95 кг), Федосова Даяна (J2, 60 кг), Сариев Ануар (J2, 70 кг), Кулмурза Бексултан (J2, 81 кг) және Іңкар Бауыржан (J1, 52 кг) қорғады.
Айта кетейік, 13-15 мамыр аралығында Астанада алғаш рет пара дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.