Таразда армрестлингтен ел чемпионаты өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Таразда армрестлингтен ел чемпионаты өтті


23-28 наурыз аралығында «Тараз-Арена» спорт кешенінде есту қабілеті және тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында қол күресінен ел чемпионаты өтті. Жарысқа Астана мен Шымкент қалалары және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, ШҚО,СҚО, БҚО,Түркістан және Ұлытау облыстарынан 350-ден астам спортшы сынға түсті. Ерлер арасында 44, ал әйелдер арасында 22 салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталды. Жарыс нәтижесі бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізген спортшылар ұлттық құрама қатарына іріктеліп, алдағы уақытта халықаралық аренада еліміздің намысын қорғайтын болады.

«Жарыс жоғары деңгейде әрі тартысты өтті. Чемпионаттың нәтижесі бойынша тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында бірінші орынды Жамбыл облысы (14 алтын,5 күміс,9 қола), екінші орынды Алматы облысы (13 алтын,25 күміс, 15 қола), ал үшінші орынды Маңғыстау облысы (7 алтын, 7 күміс, 6 қола) алды. Сонымен қатар, есту қабілеті зақымдалған спортшылар арасында Шығыс Қазақстан облысы (4 алтын,1 күміс) чемпион атанса, Жамбыл облысы күміс (3 алтын,1 күміс,1 қола) және Абай облысы  қола (2 алтын,1 күміс,1 қола) жүлдеге ие болды»,- деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Абай Ахметов.

Айта кетейік, ұлттық құрама спортшылары мамыр айында Делиде өтетін Азия чемпионатында, ал қыркүйекте Болгарияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайтын болады.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five × 3 =