Фудзи қаласында (Жапония) өткен пара жүзуден әлемдік серияда қазақстандық пара спортшылар Нұрдәулет Жұмағали (100 м брасс), Ержан Сәлімгереев (50 м.баттерфляй) және Зульфия Ғабидуллина (150 м кешенді жүзу) қола медаль жеңіп алды.«Әлемдік серия рейтингттік жарыс болып келеді.Үш спортшымыз жүлделі болды.Ұлттық құрама сапында он спортшы қатысса, оның ішінде жас спортшыларымыз да бақ сынап, жеке көрсеткіштерін жаңартты. Бұл спортшыларымызға алдағы жоспарланған халықаралық жарыстарда үздіктер қатарында көрінуге жаңа серпін беретініне сенеміз»,- деді пара жүзуден бас жаттықтырушы Айдар Картпаев.
Айта кетейік, әлемдік серия 7-12 сәуір аралығында өтті, жарысқа 24 елден 250-ге жуық спортшы қатысты.