Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының (бұдан әрі – Орталық) әйелдер ұжымы ер азаматтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады.
Шара барысында Орталық директорының міндетін атқарушы Ляззат Құдайбергенова сөз сөйлеп, тілегін білдірді.
«Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – ерлік пен елге адал қызмет етудің, қайсарлық пен патриоттық рухтың нышаны. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас күш-жігер, отбасыңызға амандық пен береке тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін, елге қызмет етуден шаршамаңыздар»- деді Ляззат Көпжасарқызы.
Іс-шара мерекелік бағдарламамен жалғасып, орталық қызметкерлері ерлер қауымына арнап ән-шашу тарту етіп, түрлі викториналар ұйымдастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.