Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында тыл ардагеріне тағзым – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында тыл ардагеріне тағзым


Отан үшін от кешкен ардагерлермен қатар, тыл еңбеккерлеріне де құрмет көрсетіп, жүректеріне жылу сыйлау — тәуелсіз еліміздің әр перзентінің парызы. Бүгін Ұлы жеңстің 80 жылдығы қарсаңында Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ұжымы сұрапыл соғыс кезінде еңбек еткен тыл ардагері  Ошақпаева Мағрипа Тұтқұшқызын мерекемен құттықтады.

Мағрипа Тұтқұшқызы – жасы тоқсанға таяп қалса да, әлі күнге дейін үй шаруасын дөңгелетіп, тігіншілікпен айналысып жүрген еңбекқор ана. Ол бар-жоғы он жасында-ақ колхоз жұмысына араласып, майданға азық-түлік дайындап, Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Мағрипа апамыздың өмірлік жолдасы осы сұрапыл соғыстың отын кешкен соғыс ардагері болып келеді. Ол кісі тірі болғанда бүгінде жасы 100 келер еді.  Саналы ғұмырын адал еңбек пен ұрпақ тәрбиесіне арнаған ақ жаулықты ана алты баланы өсіріп, бүгінде солардан тараған отыз шөберенің қызығына бөленіп отыр. Жақында ардақты ана Мағрипа Тұтқұшқызы тоқсан жасқа толып, мерейлі тойын атап өтпек.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

15 − 9 =