Шымкент қаласында 1-6 мамыр аралығында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Алталмыш жарыс Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына арналды. Чемпионатқа Астана, Шымкент, Алматы қалалары мен Алматы және Жетісу облыстарының командалыры қатысты.
Дода айналым жүйесі бойынша өтті. Жарыс нәтижесі бойынша 9 ұпаймен 1-ші орынды Шымкент қаласы, 6 ұпаймен 2-ші орынды Астана қаласы және 3 ұпаймен Жетісу облысының командасы 3-ші орынды иеленді.
«Биылғы сурдо футболдан Қазақстан чемпионатының басты мақсаты Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығын ұлықтап, майданда Отан үшін от кешкен батыр бабаларымызды еске алып, ерліктеріне тағзым ету болып келеді. Жарыста командалар өзара тартысқа түсіп шеберліктерін көрсетіп, бұл спортқа бәсекелестіктің жыл сайын артып келетіндігін көрсетті. Мәселен былтыр ел чемпионатында Алматы облысының командасы жеңіп алса, биыл Шымкент қаласының командасы жеңіске жетті» – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығынының спорт басқармасының басшысы Қайратбек Сейтбеков.