Алматыда сурдо жеңіл атлетикадан ел біріншілігі аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Алматыда сурдо жеңіл атлетикадан ел біріншілігі аяқталды


18-20 мамыр аралығында Алматы қаласында есту қабілеті зақымданған  спортшылар арасында жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 14 өңірінен 150-ге жуық спортшы қатысты. Спортшылар 25  дисциплина бойынша  бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтижеге ие болған спортшылар ұлттық құрама қатарына іріктелетін болады.

Жалпы командалық жарыс нәтижелері бойынша:

Ерлер арасында:

1-орын – Алматы қаласы

2-орын – Ақтөбе облысы

3-орын – Ақмола облысы

Әйелдер арасында:

1-орын – Солтүстік Қазақстан облысы

2-орын – Ақмола облысы

3-орын – Қостанай облысы

Жасөпірімдер  арасында (ұлдар):

1-орын – Ақтөбе облысы

2-орын – Алматы қаласы

3-орын – Маңғыстау облысы

Жасөспірім арасында (қыздар):

1-орын – Павлодар облысы

2-орын – Шығыс Қазақстан облысы

3-орын – Солтүстік Қазақстан облысы

«Сурдо жеңіл атлетика – қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Мұның айқын дәлелі – жыл сайын чемпионатқа қатысушылар санының артуы. Мәселен, өткен жылы ел біріншілігіне 80-нен астам спортшы қатысса, биыл бұл көрсеткіш 150-ге  жетті. Сонымен қатар, 2024 жылы қазақстандық атлеттер халықаралық ареналарда 18 медаль жеңіп алды. Ағымдағы жылдың қараша айында  Токиода өтетін жазғы Сурдлимпиада ойындарында да спортшыларымыз ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болады деген үміттеміз»,- деді  Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Думан Абдуалиев.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

11 + 8 =