Ақтада сурдо дзюдодан Қазақстан кубогы аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Ақтада сурдо дзюдодан Қазақстан кубогы аяқталды


26-28 мамыр аралығында Ақтау қаласында есту қабілеті зақымданған  спортшылар арасында сурдо дзюдодан Қазақстан кубогы өтті. Жарысқа еліміздің 14 өңірінен 80-ге жуық татами шебері қатысып,  14 салмақ дәрежесі бойынша ( ерлер – 7, әйелдер – 7) бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте  бірінші орынды Жамбыл облысы (2 алтын, 2 күміс), екінші орынды Алматы облысы (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) , ал үшінші орынды  Абай облысы (2 алтын, 3 қола) иеленді.

Турнир нәтижесі бойынша  үздік көрсеткішке қол жеткізген спортшылар ұлттық құрама сапына іріктеледі. Аталмыш жарыс 15-26 қараша аралығында өтетін  жазғы Сурдлимпиада ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі болды. Маусым айында ұлттық құраманың спортшылары Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × three =