Тірек-қимыл, көру органдары зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында VII Спартакиада басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Тірек-қимыл, көру органдары зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында VII Спартакиада басталды


Бүгін Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VII Спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.

Айтулы шараның шымылдығын Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Бақытұлы Есеналин ашып, қатысушыларды жарыстың басталуымен құттықтады:

«Осымен жетінші мәрте өткізіліп отырған бұл Спартакиада — еліміздегі дене мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында спортты дамытудың маңызды кезеңі. Биылғы бағдарламаның ерекшелігі — алғаш рет бочча, садақ ату, пара велоспорт, әйелдер арасындағы голбол сынды жаңа спорт түрлерінің енгізілуі. Сонымен қатар, зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында пара жүзу, пара жеңіл атлетика және үстел теннисі бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Жалпы, жарысқа 2000-ға жуық спортшы қатысуда», — деді төраға өз сөзінде.

Төрт жылда бір рет өтетін бұл ірі спорттық іс-шара биыл еліміздің бес өңірінде өтеді. Жарыс бағдарламасына барлығы 17 спорт түрі енгізілген. Атап айтқанда:

  • Астана қаласында: волейболды отырып ойнау, пара таеквондо, пара дзюдо, бочча, пара би және пара каратэ;
  • Тараз қаласында: голбол, пара жүзу, пара пауэрлифтинг;
  • Алматы облысында: пара оқ ату және пара жеңіл атлетика;
  • Көкшетау қаласында: шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ.

Спартакиаданың негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бұқаралық және кәсіби спортты дамыту, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, сондай-ақ ұлттық құрама командалар үшін үздік спортшыларды анықтау.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × three =