VII Спартакиада аясында волейболды отырып ойнаудан жарыс өз мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

VII Спартакиада аясында волейболды отырып ойнаудан жарыс өз мәресіне жетті

 

Астана қаласындағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында волейболды отырып ойнаудан өткен VII Спартакиада өз мәресіне жетті. Жарысқа Астана мен Алматы қалаларынан және Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Жетісу командалары қатысты.

«Биыл Спартакиадаға рекордтыттық командалар саны қатысты. Жаңа құрамалар қатарын Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары толықтырды. Жарыс өте тартысты әрі жоғары деңгейде өтті. Командалар жақсы дайындықпен келген. Жалпы командалық есеп бойынша Атырау облысы чемпион атанды. Маңғыстау командасы күміс, ал Қызылорда облысы қола жүлдеге ие болды. Бұл жарыстың басты мақсаты — дене мүмкіндіктері шектеулі азаматтар арасында пара спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құрамаға үздік спортшыларды іріктеу»,-деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының волейболды отырып ойнау спорт түрінен команда басшысы Ерсұлтан  Жолшиев.

Айта кетейік, Спартакиада аясында волейболды отырып ойнаудан жарыс 1–5 маусым аралығында өтті. Волейболды отырып ойнау спорт түрінен бөлек, Спартакиада 17 спорт түрінен жарыс өтуде. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 2000-ға жуық спортшы қатысуда.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

17 + 7 =