Арбадағы биден VII Спартакиада аясындағы жарыс аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Арбадағы биден VII Спартакиада аясындағы жарыс аяқталды

Астана қаласындағы «Аспан» спорт кешенінде тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында арбадағы биден VII Спартакиада аясындағы жарыс өз мәресіне жетті. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарынан 60-тан астам спортшы қатысты. Байқау Single Women, Single Men, Duo Standard, Duo Latin, Duo Freestyle, Single Men Freestyle, Single Women Freestyle, Combi Standard, Combi Latin және Combi Freestyle дисциплиналар бойынша өтті.

«Пара бишілеріміз түрлі бағдарлама бойынша өнер көрсетіп, үздіктер анықталды. Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Жалпы командалық есеп бойынша Астана қаласы 431 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды 403 ұпаймен Шымкент қаласы, үшінші орынды 368 ұпай жинаған Қостанай облысы иеленді. Бұл Спартакиада жаңадан қосылған спортшыларға ерекше мотивация мен шабыт бергені сөзсіз», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Абай Ахметов.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one + 11 =