Астанада боччадан Спартакиада аясында жарыс өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Астанада боччадан Спартакиада аясында жарыс өтті


4-9 маусым аралығында Астана қ.Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек»сарайында Спартакиада аясында жарыс өтті. Жарысқа еліміздің 16 өңірінен 100-ге жуық пара спортшы қатысты.

«Спортшылар  ВС1, ВС2, ВС3, ВС4 класстары бойынша жекелей, жұптық және командалық ойын түрлері бойынша сынға түсті. Командалар жақсы дайындықпен келді.Жарыс қорытындысы бойынша жаплы командалық есеп бойынша 325 ұпай көрсеткішімен (2 алиын, 3 күміс, 2 қола) Астана құрамасы VII Спартакиаданың чемпионы атанды. 308 ұпаймен Алматы қаласы екінші(3 алтын,1 күміс,3 қола), ал 249 ұпай санымен Жамбыл облысы үшінші (2 алтын, 2 күміс,1 қола) орын алды. Спартакиада бочча спортшылары үшін тамыз айында Астанада өтетін халықаралық турнирдің алдында жақсы дайындық болды.Осы халықаралық жарыста да Қазақстан құрамасының спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізеді деген үміттеміз»,-деді боччадан ұлттық құраманың аға-жаттықтурышусы Диана Молдахметова.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

18 − 13 =