Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан ұлттық құрамасы Таиланд құрамасын 3:0 (25:15, 25:15, 25:5) есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Бұған дейін ұлттық құрама спортшылары іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы, Жапония және Аустралия командаларын 3:0 есебімен айқын басымдықпен ұтқан болатын. 14 маусым күні финалда Қазақстан командасы Қытай командасымен кездеседі. Аталмыш жарыстың қорытындысы бойынша бірінші және екінші орынға ие болған командалар 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.