Пара каноэден Азия чемпионатында бүгін қазақстандық спортшы Бибарыс Спатай KL2 класында 200 м қашықтықты 00:43.817 секундта бағындырып, чемпион атанды. Мәреге екінші болып Өзбекстан спортшысы Ойбек Юдошев 00:45.451 секундта келсе, үшінші болып Иран спортшысы Елияс Бараки 00:46.587 уақытымен жетті.
Сонымен қатар әйелдер арасында VL3 класындағы 200 м және 500 м қашықтықтарда өнер көрсеткен қазақстандық Жаныл Балтабаева қос күміс жүлдені еншіледі.
Айта кетсек, Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық Максим Богатырев ел қоржынына 1 алтын және 1 күміс салса, Мейіржан Армия қола медальді қосқан болатын. Чемпионат 15-ші маусымға дейін жалғасады. Ел құрамасы сапында 7 спортшы өнер көрсетуде.